Жастар жылын өткізу жөніндегі Жол картасы

2019 жылы 26 наурызда ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Жастар жылын өткізу жөніндегі Жол картасына толықтырулар мақұлданды.

Бұл құжат жастарды табысты әлеуметтендіру және оның әлеуетін еліміздің одан әрі дамуына бағыттау үшін жағдайлар тудыруға ықпалын тигізетін болады.

А.ж. 23 қаңтарда Жастар форумында Ұлт көшбасшысы бірқатар қатысушыларды тыңдап, олардың білдірген ұсыныстарын құжатқа енгізуді тапсырды. Осыған байланысты, Жол картасы 5 жаңа пунктпен толықтырылады.

Осылайша, бүгінгі таңда Жол картасының жобасы 89 пункттен тұрады және бес бағытты қамтиды:

Жалпы, белгіленген барлық бағыттарды іске асыру жас отбасылардың әлеуметтік қолайлылығын арттыру, адам капиталының сапасын көтеру бойынша, сондай-ақ жастардың түрлі санаттарын тиімді әлеуметтендіру міндеттерін шешуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.  


 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу