ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекске қол қойды

Мемлекет басшысы жер қойнауын пайдалануды реттеу жүйесін жетілдіруге бағытталған «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев заңнаманы жаңадан қабылданған «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексімен сәйкестендіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды.

Заңдардың мәтіндері баспасөзде жарияланады.