Жолдаудың 2-бағыты аясында еліміздің ресурстарын тиімді пайдалану жөнінде баспасөз конференциясы өтеді

Жұма күні, 26 қаңтарда, сағат 11:20-да ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында Жолдаудың «Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту» 2-бағыты аясында еліміздің ресурстарын тиімді пайдалану» тақырыбында брифинг өтеді.

Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков, «Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры Николай Радостовец, сондай-ақ, «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Олжас Әлібеков шара спикерлері болады.

Баспасөз конференциясының тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, FacebookВконтактеTwitterPeriscope әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ Android пен iOS мобильдік қосымшаларынан және YouTube арнасынан көре аласыздар.