Kazakhstan Global Investment Roundtable форумының қорытындысы туралы баспасөз конференциясы өтеді

Ертең, 8 желтоқсанда, сағат 11:30-да ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында Kazakhstan Global Investment Roundtable форумының қорытындысы туралы баспасөз конференциясы өтеді.

«Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Біржан Қанешев пен ҚР ИДМ Инвестициялар комитеті төрағасының орынбасары Лариса Жұмағалиева шара спикерлері болады. 

Баспасөз конференциясының тікелей таратылымын primeminister.kz сайтынан, FacebookВконтактеTwitterPeriscope әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ Android пен iOS мобильдік қосымшаларынан және YouTube арнасынан көре аласыздар.