Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 ақпандағы №27 Қаулысы

«Бірыңғай байланыс орталығын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 26 ақпандағы №118 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Бірыңғай байланыс орталығын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 26 ақпандағы №118 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., №15-16, 81-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Бірыңғай байланыс орталығы болып айқындалсын.».

  1. Осы қаулы 2021 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                А. Мамин

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу