Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 01 қарашадағы №827 Қаулысы

«Шартты түрде шығаруға жол берілмейтін тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 21 шілдедегі  №441 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Шартты түрде шығаруға жол берілмейтін тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 21 шілдедегі № 441 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 42,  226-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген шартты түрде шығаруға жол берілмейтін тауарлардың тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                                                                       А. Мамин

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу