Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 02 сәуірдегі №310 Қаулысы

«Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жүргізілетін тұқымның, оның ішінде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің себуіне арналған тұқымның сорттық және егістік сапасын сараптау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 12 тамыздағы № 805 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен жүргiзiлетiн тұқымның, оның iшiнде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң себуiне  арналған тұқымның, сорттық және егістік сапасын сараптау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2003 жылғы 12 тамыздағы № 805 каулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 33, 327-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Тұқымның, оның iшiнде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң себуiне арналған тұқымның сорттық және егiстiк сапасына сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен жүргiзiлетiн тұқымның, оның iшiнде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң себуiне арналған тұқымның сорттық және егу сапасын сараптау ережесi осы қаулыға қосымшаға сәйкес  жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                             C. Ахметов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу