Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2022 жылғы 2 маусымдағы №355 Қаулысы

Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі №872 Жарлығын іске асырудың кейбір мәселелері туралы

«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 10-бабының 5-тармағына және 18-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Регламентi (бұдан әрі – Регламент) бекiтiлсiн.

2. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Регламенттің 111 және 112-тармақтарының қолданысы заңнамалық актілерді іске асыру үшін бұрын қабылданған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне Регламенттің көрсетілген тармақтары қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданылады деп белгіленсін.

4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулықта:

«1. Жалпы ережелер» деген бөлім:

мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

«5-1. Құрылған комиссиялар консультативтік-кеңесші органдар тізіліміне (бұдан әрі – тізілім) енгізіледі, оны Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізеді.

Тізілім Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми интернет-ресурсында орналастырылады және консультативтік-кеңесші органдар құрылған немесе таратылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өзектілендіріліп отырады.»;

19-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«19. Комиссияның/жұмыс тобының шешімдері ашық және/немесе жабық дауыс беру арқылы қабылданады және комиссия/жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Дауыс беру осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын ЭЦҚ қойылған электрондық құжат форматында жіберу арқылы жүргізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда төраға/жетекші дауыс берген шешім қабылданды деп саналады.»;

көрсетілген Нұсқаулыққа қосымшада:

жоғарғы оң жақ бұрыштағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің
жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа
2-қосымша»;

осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес көрсетілген Нұсқаулыққа
1-қосымшамен толықтырылсын.

5. Мемлекеттік органдар осы қаулыдан туындайтын шаралар қабылдасын.

6. Осы қаулы:

1) 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулыға
1-қосымшаның 1, 3, 7, 8, 11, 13, 18, 20, 27, 29, 31, 38, 41, 43, 46, 48, 53, 54, 56, 58, 61, 64, 66, 67, 70, 73, 75, 78, 83, 84 және 87-тармақтарын;

2) 2022 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін Регламенттің
76-тармағы үшінші бөлігінің 1) тармақшасын, 111 және 112-тармақтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                 Ә. Смайылов

 

Қаулыға 1-қосымша

Қаулыға 2-қосымша

Регламент

Регламентке 1-қосымша

Регламентке 2-қосымша

Регламентке 3-қосымша

Регламентке 4-қосымша

Регламентке 5-қосымша

Регламентке 6-қосымша

Регламентке 7-қосымша

Регламентке 8-қосымша

Регламентке 9-қосымша

Регламентке 10-қосымша

Регламентке 11-қосымша

Регламентке 12-қосымша

Регламентке 13- қосымша

Регламентке 14-қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу