Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 қыркүйектегі №640 қаулысы

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшелерінің қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы №872 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшелерінің қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы №872 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшелерінің қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларында:

2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) жеке арнайы шот – тұрғын үй төлемін алушылар тұрғын үй төлемін есепке жатқызу және төлемді Заңның 101-5-бабында көзделген мақсаттарға жүзеге асыру үшін өз таңдауы бойынша екінші деңгейдегі банкте  (бұдан әрі – банк) ашатын ағымдағы банктік шот;»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Тұрғын үй төлемін алушыларға Заңның 13-1-тарауында көзделген жағдайда алатын қызметкерлер, сондай-ақ қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкерлердің отбасы мүшелері жатады.

Қызметкерлердің тұрғын үй төлемін пайдалану арқылы тұрғынжайды жеке меншікке сатып алу құқығы бір рет жүзеге асырылады.

Егер ерлі-зайыптының екеуі де Заңның 13-1-тарауында көрсетілген қызметкер және (немесе) әскери қызметші болып табылса, тұрғын үй төлемі ерлі-зайыптылардың таңдауы бойынша олардың біреуіне жүргізіледі.»;

16-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

16-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкердің отбасы мүшелеріне тұрғын үй төлемі біржолғы ақшалай өтемақы түрінде жүргізіледі. Біржолғы ақшалай өтемақы мөлшері қаза тапқан кездегі қызметкердің өзін қоса алғанда, оның отбасы құрамына сәйкес келетін пайдалы алаң нормасын мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның бұрын жүзеге асырылған тұрғын үй төлемінің сомасы шегеріліп, өз
интернет-ресурсында жарияланатын ағымдағы жылғы қаңтардағы деректерге сәйкес қызметкер қызмет өткерген Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі жаңа тұрғынжайды сатудың бір шаршы метрінің бағасына көбейту арқылы айқындалады.»;

17-тармақтың бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«2) қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кезде;

3) алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық (сол тектес) масаң күйге ұшырататын заттарды медициналық емес мақсатта тұтыну салдарынан;»;

19-тармақта:

3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«3) баянат тіркелген күнге дейін күнтізбелік он күн ішінде алынған, мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында орналастырылған жалдаушы бойынша (қызметкерде және (немесе) оның отбасы мүшелерінде Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрақты пайдалануға берілген тұрғынжайдың болуы немесе болмауы туралы) ақпарат;

4) жұбайының (зайыбының) жұмыс орнынан (бұрынғы жұмыс орнынан), оның ішінде жұбайы (зайыбы) мемлекеттік мекеменің немесе мемлекеттік кәсіпорынның жұмыскері болып табылатын (бұрын болған) жағдайда баянат тіркелген күнге дейін бір ай ішінде алынған Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай алмағаны туралы мәліметтер қамтылған анықтама.

Егер жұбайы (зайыбы) арнаулы мемлекеттік органның, ішкі істер органдарының қызметкері немесе әскери қызметші болып табылса (бұрын болса), анықтамада оның қызметтік тұрғынжайды өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы алмағаны туралы мәліметтер көрсетіледі.

Егер жұбайы (зайыбы) арнаулы мемлекеттік органның, ішкі істер органдарының қызметкері немесе әскери қызметші болып табылса, анықтамада оған Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй төлемі төленбейтіні туралы мәліметтер көрсетіледі.

Егер жұбайы (зайыбы) арнаулы мемлекеттік органның, ішкі істер органдарының қызметкері немесе әскери қызметші болып табылса (бұрын болған), анықтамада оның қызмет орны бойынша төленген тұрғын үй төлемін пайдалану арқылы Қазақстан Республикасының аумағында тұрғынжайды меншігіне сатып алмағаны туралы мәліметтер көрсетіледі;»;

9) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«9) отбасында бір үй-жайда (пәтерде) бірге тұру мүмкін болмайтын кейбір созылмалы аурулардың (денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен аурулардың тізімі бойынша) ауыр түрімен ауыратын мүшелері болған кезде денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы;

10) бала кезінен мүгедектігі бар кәмелетке толған бала (кәмелетке толған мүгедектігі бар балалар) болған кезде мүгедектігін растайтын құжаттардың көшірмелері;»;

22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«22. Қызметкер Заңның 101-3-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, сондай-ақ Заңның 101-3-бабының 3-тармағында көрсетілген негіздер болған кезде  тұрғын үй комиссиясы қызметкерді тұрғынжайға мұқтаж деп танудан және оған тұрғын үй төлемін тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады.»;

29-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) бала кезінен мүгедектігі бар адамды (адамдарды) қоспағанда, отбасы құрамы өзгерген, оның ішінде баласы (балалары) кәмелетке толған;»;

30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«30. Осы Қағидалардың 29-тармағында айқындалған жағдайда тұрғын үй төлемінің нақты сомасы оқиға іс жүзінде орын алған кезден бастап есептеледі.

Бұл ретте қызметкер тұрғын үй комиссиясына осы Қағидалардың 19-тармағында көзделген құжаттарды оқиға басталған күннен бастап үш айдан кешіктірмей ұсынады. Қызметкер құжаттарды көрсетілген мерзімнен кейін ұсынған жағдайда ағымдағы тұрғын үй төлемін қайта есептеу ағымдағы тұрғын үй төлемінің мөлшерін қайта есептеу үшін берілген баянатты тіркеген күннен бастап жүзеге асырылады.»;

31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«31. Тұрғын үй төлеміне арналған жеке арнайы шотты тұрғынжайға мұқтаж деп танылған тұрғын үй төлемін алушы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтаманы қоса беріп, «Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы №207 қаулысында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14 422 болып тіркелген) көзделген тәртіппен дербес ашады.»;

мынадай мазмұндағы 36-1, 36-2, 36-3, 36-4 және 36-5-тармақтармен толықтырылсын:

«36-1. Тұрғын үй төлемін алушы жеке арнайы шоттағы ақшаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген тиісті шарт негізінде Заңның 101-5-бабында көзделген мақсаттарға ғана пайдаланады.

36-2. Тұрғын үй төлемін пайдалану мынадай мақсаттар бойынша жүргізіледі:

1) тұрғынжайды меншігіне, оның ішінде төлемді бөліп төлеумен немесе ипотекалық кредитті (қарызды) пайдаланып сатып алу – Қазақстан Республикасының азаматтық және тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй төлемін алушы мен сатушы арасында жасалған тұрғын үйді сатып алу-сату шарты негізінде.

Бұл ретте төлемді бөліп төлеумен сатып алынатын тұрғынжайдың шаршы метрінің құны ағымдағы жылғы қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланатын деректерге сәйкес жайластырылған тұрғынжайды қайта сату құнынан аспауға тиіс;

2) тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу – Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес қызметкер мен жалға беруші арасында жасалған тұрғынжайды жалдау (жалға алу) шартының нотариат куәландырған көшірмесі негізінде;

кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкер мен уәкілетті компания арасында жасалған кейіннен сатып алынатын тұрғынжайды жалға алу шарты негізінде;

3) бұрын алынған ипотекалық кредитті (қарызды) өтеу – қызметкер тұрғын үй төлемі есебінен сатып алған тұрғын үйді сатып алу-сату шарты негізінде;

4) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу кезінде жарна төлеу – Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамасына сәйкес қызметкердің тұрғын үй құрылысына қатысу шарты негізінде;

5) тұрғын үй және тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу кезінде жарна төлеу – Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамасына және Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес қызметкердің тұрғын үй және тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарты негізінде;

6) қызметтен шығарылған адамдарды қоспағанда, «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатынан басқа талап етуге болмайтын тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі жинақты толықтыру – Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт негізінде;

7) «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үй жағдайын жақсарту – тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

36-3. Осы Қағидалардың 36-2-тармағының 4) және 5) тармақшаларында айқындалған шарттарды, егер уәкілетті компания көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жөніндегі міндеттемелерді орындамаған немесе мұндай міндеттемені тиісінше орындамаған жағдайда қызметкердің жеке арнайы шотына ақшаны қайтарып, қызметкердің бастамасы бойынша бұзуға жол беріледі.

36-4. Тұрғын үй төлемін Заңның 101-5-бабында көзделген мақсаттарда пайдалану фактісі бойынша қызметкер оқиға басталған күннен бастап бір айдан кешіктірмей тиісті растайтын құжаттарды қоса беріп, бұл туралы уәкілетті органға баянатпен хабарлайды.

36-5. Қызметкер қызмет өткеру орны бойынша кадр бөлімшесіне жылына бір рет мынадай құжаттарды ұсынады:

1) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы отбасы құрамы бойынша алынған анықтама;

2) жеке арнайы шот бойынша ақша қозғалысы туралы анықтама.»;

37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«37. Заңның 101-4-бабында көзделген жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган басшысының, ол болмаған
жағдайда – оның міндетін атқаратын адамның бұйрығына сәйкес тұрғын үй төлемі:

1) қызметкер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органнан шығарылған жағдайда жеке құрам тізімінен шығарылған немесе ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшесі болып табылмайтын бөлімшесіне ауыстырылған күннен бастап;

2) қызметкер Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайдың жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемені орындамаған жағдайды қоспағанда, тұрғынжайға мұқтаж мәртебесінен айырылған күннен бастап;

3) қызметкер қаза табуына немесе қайтыс болуына, заңда белгіленген тәртіппен хабар-ошарсыз кеткен деп танылуына немесе қайтыс болды деп жариялануына байланысты жеке құрам тізімінен шығарылған күннен бастап;

4) қызметкердің тұрғын үй комиссиясы төрағасының атына жазылған тұрғын үй төлемін алудан бас тарту туралы баянаты тіркелген күннен бастап.

Бұл ретте тұрғын үй комиссиясы қызметкерге Заңның 101-5-бабының
1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғын үйді жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемені орындамаған жағдайда осы тармақшада көзделген негіз бойынша тұрғын үй төлемін тоқтатудан бас тартады;

5) Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында өзге де тұрғынжай сатып алған күннен бастап тоқтатылады, бұл ретте тұрғынжайда елу пайыздан аз үлестің болуы не мұраға қалдырылған меншік құқығындағы тұрғынжайдың пайда болуы есепке алынбайды.

Қызметкердің жеке арнайы шоты жабылған кезде банк пайдаланылмаған қаражат қалдығын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның шотына қайтарады.»;

39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«39. Тұрғын үй төлемін алушы қызметін одан әрі өткеру үшін басқа өңірге ауысқан жағдайда, егер онымен Заңның 101-5-бабының 1), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін тиісті шарт жасалса, ағымдағы тұрғын үй төлемінің мөлшері өзі қызмет өткерген бұрынғы өңір бойынша сақталады.

Бұл ретте отбасы құрамы ұлғаю жағына өзгерген жағдайда отбасы құрамының ұлғаюына байланысты отбасы мүшесіне ағымдағы тұрғын үй төлемінің мөлшерін қайта есептеу қызметкер қызмет өткеретін өңірдегі сома негізінде жүзеге асырылады.

Тұрғын үй төлемдері тұрғын үй комиссиясының шешімі және осы Қағидалардың 19-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды қоса беріп, қызметкер баянаты негізінде шығарылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган басшысының, ал ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы адамның бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша қызметкердің міндеттемелері болған кезде оның жеке арнайы шотындағы артық тұрғын үй төлемі тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеуді қоспағанда, жыл сайын тек көрсетілген міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеуге ғана жіберіледі.»;

көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген Қағидаларға 7 және 8-қосымшалар осы қаулыға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                                    Ә. Смайылов

 

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу