Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 04 сәуірдегі № 169 қаулысы

Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалаларыбюджеттерініңҚазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға және кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және баптау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге 2017 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту және «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңін (2016 – 2018 жылдар) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 213 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«2017 –2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2016 жылғы 29қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабын және «2017 –2019жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 775қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға және кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және баптау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге 2017 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан РеспубликасыныңЕңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен ағымдағы нысаналы трансферттердің бекітілген сомаларын облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне аударуды қамтамасыз етсін.

3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:

1) ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларын уақтылы және мақсатты пайдалануды;

2) есепті айдан кейінгі айдың 15-күніне дейін ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларының пайдаланылуы туралы есептерді Қазақстан РеспубликасыныңЕңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне беруді қамтамасыз етсін.

4.«Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған                    іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңін (2016 – 2018 жылдар) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 213 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі                       2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңінде                    (2016 – 2018 жылдар):

реттiк нөмiрлерi 11, 12, 13-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«

11. Мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнату Еңбек-миніне ақпарат облыс-тардың, Астана және Алматы қалала-рының әкімдері жарты жылда бір рет, есептi кезеңнен кейiнгi айдың 10-күнiнен кешіктір-мей

2016 ж. – 49,1: РБ – 29,4; ЖБ – 19,7;

2017 ж. – 11,8: РБ – 5,9; ЖБ – 5,9;

2018 ж. – 12,5: РБ – 5,0; ЖБ – 7,5.

РБ 058 «Республикалық деңгейде халықты әлеуметтік қорғау және көмек көрсету, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру және инфрақұрылымды дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша
12. Мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыстайтын құрылғылармен жарақтау Еңбекминіне ақпарат облыс-тардың, Астана және Алматы қалала-рының әкімдері жарты жылда бір рет, есептi кезеңнен кейiнгi айдың 10-күнiнен кешіктір-мей

2016 ж. – 78,0: РБ – 46,8; ЖБ – 31,2;

2017 ж. – 34,2: РБ – 17,1; ЖБ – 17,1;

2018 ж. – 32,7: РБ – 13,1; ЖБ – 19,6.

РБ 058 «Республикалық деңгейде халықты әлеуметтік қорғау және көмек көрсету, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру және инфрақұрылымды дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша
13. «Инватакси» қызметтерін дамытуға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру Еңбекминіне ақпарат облыс-тардың, Астана және Алматы қалала-рының әкімдері жарты жылда бір рет, есептi кезеңнен кейiнгi айдың 10-күнiнен кешіктір-мей

2016 ж. – 485,9:

РБ – 145,8;

ЖБ – 340,1;

2017 ж. – 387,0:

РБ – 77,4;

ЖБ – 309,6;

2018 ж. – 414,1:

РБ – 41,4;

ЖБ – 372,7.

РБ 058 «Республикалық деңгейде халықты әлеуметтік қорғау және көмек көрсету, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру және инфрақұрылымды дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша

»;

реттiк нөмiрi 24-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

24. Кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және баптау жөніндегі көрсетілетін қызметтер Еңбек-миніне ақпарат облыс-тардың, Астана және Алматы қалала-рының әкімдері тоқсан сайын, есептi тоқсан-нан кейiнгi айдың 10-күнiне дейін

РБ – 2627,5:

2016 ж. – 603,1;

2017 ж. – 1197,2;

2018 ж. – 827,2.

РБ 058 «Республикалық деңгейде халықты әлеуметтік қорғау және көмек көрсету, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру және инфрақұрылымды дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша

»;

реттiк нөмiрi 36-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

36. Мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен (жөргектермен, несеп қабылдағыш-тармен, нәжіс қабылдағыштармен) қамтамасыз ету нормаларын ұлғайту Еңбек-миніне ақпарат облыс-тардың, Астана және Алматы қалала-рының әкімдері жарты жылда бір рет, есептi кезеңнен кейiнгi айдың 10-күнiнен кешіктір-мей РБ – 10779,9:
2016 ж. – 3113,5;
2017 ж. – 3696,0;
2018 ж. – 3970,4.
РБ 058 «Республикалық деңгейде халықты әлеуметтік қорғау және көмек көрсету, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру және инфрақұрылымды дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша

»;

реттiк нөмiрi 74-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

74. Жаңалық телехабарларын трансляция-лауды сурдоаударма-мен сүйемелдеуді қамтамасыз ету Еңбек-миніне ақпарат облыс-тардың, Астана және Алматы қалала-рының әкімдері жарты жылда бір рет, есептi кезеңнен кейiнгi айдың 10-күнiнен кешіктір-мей 2016 ж. – 490,3:
РБ – 294,2;
ЖБ – 196,1; 2017 ж. – 350,4:
РБ – 175,2;
ЖБ – 175,2;
2018 ж. – 374,9:
РБ – 149,9;
ЖБ – 225,0.
РБ 058 «Республикалық деңгейде халықты әлеуметтік қорғау және көмек көрсету, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру және инфрақұрылымды дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша

»;

мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 36-1 және 36-2-жолдармен толықтырылсын:

«

36-1. Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес естуі бойынша мүгедектер үшін ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсыну көлемін жылына отыз сағаттан алпыс сағатқа дейін ұлғайту Еңбек-миніне ақпарат облыс-тардың, Астана және Алматы қалала-рының әкімдері жарты жылда бір рет, есептi кезеңнен кейiнгi айдың 10-күнiнен кешіктір-мей

РБ – 953,1: 2017 ж. – 454,7;

2018 ж. – 498,4.

РБ 058 «Республикалық деңгейде халықты әлеуметтік қорғау және көмек көрсету, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру және инфрақұрылымды дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша
36-2. Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың тізбесін кеңейту Еңбек-миніне ақпарат облыс-тардың, Астана және Алматы қалала-рының әкімдері жарты жылда бір рет, есептi кезеңнен кейiнгi айдың 10-күнiнен кешіктір-мей

РБ – 4779,7: 2017 ж. – 2183,8,

2018 ж. – 2595,9.

РБ 058 «Республикалық деңгейде халықты әлеуметтік қорғау және көмек көрсету, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру және инфрақұрылымды дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша

».

5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                      Б. Сағынтаев

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу