10 Қараша 2021, 11:25
«Кедендік және салықтық әкімшілендірудің автоматтандырылған жүйесінің («АСТАНА-1» АЖ) интеграцияланған кедендік құрауыштарын жаңғыртуды және техникалық қолдауды қамтамасыз ету бойынша тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынатын тұлғаны айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 қарашадағы №830 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және қоса алғанда 2023 жылғы 11 қарашаға дейін қолданыста болады.».
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу