Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 ақпандағы №89 Қаулысы

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қоса беріліп отырған сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.
2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкілетті орган сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиар болып белгіленсін.
3. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы лицензияланатын қызметтің жекелеген түрлеріне (кіші түрлеріне) қойылатын біліктілік талаптарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы  25 қаңтардағы № 162 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,  2012 ж., № 29, 393-құжат) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  С.АХМЕТОВ

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу