26 Қараша 2019, 23:25
«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1178 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 2-тармағына және 39-бабының 3-тармағына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1178 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 85-86, 618-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып тастауды екі жылдан аспайтын мерзімге белгілеуге құқылы.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып тастау:
1) конституциялық құрылыс негіздерін қорғауға;
2) елдің қорғанысы мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
3) ішкі нарықты қорғауға;
4) ұлттық экономиканы дамытуға;
5) отандық тауар өндірушілерді қолдауға белгіленуі мүмкін.»;
8-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшаның реттік нөмірі 6-жолы алып тасталсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу