Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 6 маусымдағы № 368 Қаулысы

«Қазақстан Республикасының азаматы паспортының, Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың, азаматтығы жоқ адам куәлігінің, босқын куәлігінің, жол жүру құжатының үлгілерін және оларды қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 шілдедегі № 684 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының азаматы паспортының, Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың, азаматтығы жоқ адам куәлігінің, босқын куәлігінің, жол жүру құжатының үлгілерін және оларды қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 шілдедегі № 684 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген босқын куәлігінің үлгісінде:

4, 5, 6, 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Босқын куәлігінің мұқабасы көк түсті.

Босқын куәлігінің алдыңғы мұқабасының беткі жағында:

жоғары бөлігінде – қазақ және ағылшын тілдерінде:

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазу;

ортасында – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы;

төменгі бөлігінде – қазақ және ағылшын тілдерінде:

«БОСҚЫН КУӘЛІГІ

REFUGEE CERTIFICATE» деген жазу орналасқан.

Жазулар және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі алтын түсті фольгамен өрнектеліп орындалады.

5. Босқын куәлігінің 1-беті иесінің фотобейнесін, қолы мен деректерін орналастыруға арналған, онда қазақ және ағылшын тілдерінде мынадай деректемелер орналасады (№ 18 сурет):

«Босқын куәлігі

Refugee certificate

Тегі

Surname _____________________________

Аты/Name _____________________________

Әкесінің аты (бар болса)

Middle name (if available)_____________________________

Туған күні, айы, жылы және туған жері/

Date and place of birth

_______________________________________

_______________________________________

Азаматтығы/Citizenship

_______________________________________

Босқын деп танылғаны және Қазақстан Республикасының қорғауында болатыны куәландырылады/Certifies that he (she) is recognized as a refugee and is under the protection of the Republic of Kazakhstan.

Комиссияның 20___ж. «__» _____________№____шешімі

The decision of the commission from «___»______20___ №._________

Куәлік ________________ бастап ___________ дейін жарамды

The certificate is valid: with_____________ by _______________

Берген орган

Issuing authority __________________________________

Куәліктің берілген күні

Date of issue of the certificate __________________________________

Босқынның қолы

Signature of the refugee ______________________________________

 

Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органның

басшысы

Head of the local Employment authority

___________________________________________________________

  (облыс, қала атауы/ name of the region, city)

__________________________________________ қолы/signature

М.О./Р.Р.».

 

Босқын куәлігінің 1-бетінің жоғарғы бөлігінде «Босқын куәлігі Refugee certificate» деген жазудың астында сол жағында қазақ және ағылшын тілдерінде:

«Сурет орны/Place for photos» деп жазылған рама орналасады.

Рамаға босқын куәлігі иесінің көлемі 30х40 мм фотосуреті жапсырылады.

Босқын куәлігінің 1-бетінің төменгі бөлігінде екі әріптік және сегіз цифрлық нышаннан тұратын босқын куәлігінің нөмірі орналасқан.

6. Босқын куәлігінің 2-6-беттерінің жоғарғы және төменгі бөліктерінде қазақ және ағылшын тілдерінде мынадай жазулар орналасқан (№ 19 сурет):

Куәлік _______________ бастап ________________ дейін ұзартылды

The certificate has been extended: from ______________ by___________

Комиссияның 20___ж. «__» _____________№____шешімі

The decision of the commission from «___»______20___ №._________

 

Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органның

басшысы

Head of the local Employment authority

__________________________________________________________

  (облыс, қала атауы/name of the region, city)

      _______________________________________________қолы/signature

М.О./Р.Р.».

 

7. Босқын куәлігінің 7 және 8-беттерінде қазақ және ағылшын тілдерінде мынадай жазулар, сондай-ақ он сегіз жасқа толмаған отбасы мүшелері көрсетілетін кесте орналасқан (№ № 20, 21 суреттер):

«Он сегiз жасқа толмаған отбасы мүшелерi

Family members under the age of eighteen»

Тегі
Surname

Аты
Name

Әкесінің аты (бар болса)
Middle name (if available)

Туыстық қатынасы
Relation degree

Туған күні, айы, жылы және туған жері
Date and place of birth

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органның

басшысы

Head of the local Employment authority

_________________________________________________________

  (облыс, қала атауы/name of the region, city)

_______________________________________________қолы/signature

 

М.О. / Р.Р.».

 

8. Босқын куәлігінің 9-11-беттері ерекше белгілерді енгізуге арналған. Беттердің жоғарғы жағында қазақ және ағылшын тілдерінде (№ 21 сурет):

«Ерекше белгілер

Special marks» деген жазу орналасқан.»;

№ 17, 18, 19, 20 және 21 суреттер осы қаулыға 1, 2, 3, 4 және
5-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 Қазақстан Республикасының

 Премьер-Министрі                                        Ә. Смайылов

 

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу