Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 6 қыркүйектегі №648 қаулысы

«Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы Тұрақты (Өкілетті) өкілі лауазымын атқарған немесе Төтенше және Өкілетті Елші дипломаттық дәрежесі бар Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет ардагерлеріне ақшалай төлемді жүзеге асыру қағидаларын және мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 966 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы Тұрақты (Өкілетті) өкілі лауазымын атқарған немесе Төтенше және Өкілетті Елші дипломаттық дәрежесі бар Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет ардагерлеріне ақшалай төлемді жүзеге асыру қағидаларын және мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 966 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы Тұрақты (Өкілетті) өкілі лауазымын атқарған немесе Төтенше және Өкілетті Елші дипломаттық дәрежесі бар Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет ардагерлеріне ақшалай төлемді жүзеге асыру қағидалары және мөлшерінде:

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Министрліктің Персоналды басқару қызметі құзыретті органдардан жауап алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларының 3-тармағында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, әрбір өтініш берушіге жеке іс қалыптастырады.

Құзыретті органдардың жауабы өтініш берушінің жеке іс құрамына да енгізіледі.»;

8-тармақ алып тасталсын;

9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Министрліктің Персоналды басқару қызметі өтініш берушілерге қатысты құжаттардың мынадай талаптарға сәйкестігін тексереді:

1) өтініш берушінің өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының азаматтығы болуы;

2) өтініш берушінің Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрғылықты жерінің  болмауы;

3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінің беделін түсіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін лауазымынан босату фактісінің болмауы;

4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінен теріс себептер бойынша жұмыстан босатылу жағдайларының болмауы;

5) өтініш беруші ұсынған құжаттардың дұрыстығы.

10. Келіп түскен өтініштерді қарау нәтижесі бойынша Министрліктің Персоналды басқару қызметі еркін нысанда:

1) ақшалай төлемді тағайындау туралы;

2) өтініш беруші осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда өтініш берушінің құжаттарын қарамай қалдыру туралы қорытынды дайындайды.

Осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша өтініш берушінің құжаттарын қарамай қалдыру үшін негіздер анықталған жағдайда Персоналды басқару қызметі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес өтінішті қарау мерзімі аяқталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушінің құжаттарын қарамай қалдыру туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдаудың өткізілетін уақыты мен орны туралы хабарламаны өтініш берушінің алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі болуы үшін өтініш берушіге жібереді.

Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73 және 74-баптарына сәйкес жүргізіледі.»;

11-тармақ алып тасталсын;

12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Министрліктің Персоналды басқару қызметінің қорытындысы Министрліктің қаржы және заң қызметтерімен келісу бойынша құжаттардың толық топтамасы қаралған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмей, шешім қабылдау үшін Министрдің не оның міндетін атқарушы адамның қарауына жіберіледі.

13. Министр не оның міндетін атқарушы адам Министрліктің Персоналды басқару қызметі ұсынған құжаттарды қарау қорытындысы бойынша үш жұмыс күні ішінде ақшалай төлем тағайындау туралы шешім қабылдайды не өтініш берушінің құжаттарын қараусыз қалдыру туралы хатқа қол қояды.»;

көрсетілген Қағидаларға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

  Қазақстан Республикасының

  Премьер-Министрі                                                          Ә. Смайылов

 

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу