Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 7 желтоқсандағы №989 қаулысы

«Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:

ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың басым тәртіппен бәсекелес ортаға беру ұсынылатын ірі еншілес, тәуелді ұйымдарының тізбесінде:

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы» деген бөлімде:

реттік нөмірі 10.8-жол алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 11-1.9.1-жолмен толықтырылсын:

«

 

11-1.

 

9.1

 

«Жолаушылар вагондарын жасау зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

 

 

тікелей атаулы сату

 

2022 – 2023

                                                                                                                            ».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                     Ә. Смайылов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу