30 Сәуір 2021, 12:23
«Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциздер мөлшерлемелерін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі №173 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулымен бекітілген бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциздер мөлшерлемелерінде:
реттік нөмірлері 8, 9-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
8. |
Салық Кодексінің 462-бабының 5) тармақшасында көрсетілген алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі болып табылатын акцизделетін тауарларды беру, көрсетілген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге кейіннен өткізу жағдайларын қоспағанда (шілде – қараша) |
24 435 |
9300 |
9. |
Салық Кодексінің 462-бабының 5) тармақшасында көрсетілген алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі болып табылатын акцизделетін тауарларды беру, көрсетілген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге кейіннен өткізу жағдайларын қоспағанда (желтоқсан – маусым) |
24 435 |
540 |
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 10-жолмен толықтырылсын:
«
10. |
Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімі болып табылатын, Салық кодексінің 462-бабының 5) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауарларды кейіннен Салық кодексінің 471-бабында көзделген растайтын құжаттарды ұсына отырып, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге өткізген жағдайда, көрсетілген тауарларды беру |
0 |
0 |
».
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу