Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 08 қазандағы №740 Қаулысы

Маңғыстау облысының мәдениет және білім беру ұйымдарына атау беру туралы

 

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы»    1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, темiржол вокзалдарына, темiржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншiгiндегi басқа да объектiлерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есiмiн беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Маңғыстау облысының мынадай мәдениет жәнебілім беру ұйымдарына:

1) Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына Әбіш Кекілбайұлының есімі;

2) «Ақтау қаласының әкімдігі, Ақтау қалалық білім бөлімінің «№ 29 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Фариза Оңғарсынованың есімі берілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу