Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі №187 Қаулысы

«Гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар мен  қорлардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 9 сәуірдегі № 177 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар мен  қорлардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы    9 сәуірдегі№ 177 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
2018 ж., № 17-18, 93-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар мен қорлардың тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу