Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 12 қаңтардағы № 15 қаулысы

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі №266 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі
№ 266 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру қағидаларын бекіту туралы»;

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру қағидаларында:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру қағидалары»;

1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру қағидалары «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы
3 сәуірдегі № 369 Жарлығына сәйкес әзірленді және мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияларды беру тәртібін айқындайды.

2. Қазақстан Республикасының құрметті атақтары мен мемлекеттік наградаларына ие болған шығармашыл қызметкерлерді және мәдениет қызметкерлерін, сондай-ақ аса дарынды жас шығармашыл қызметкерлерді мемлекеттік қолдау мақсатында жыл сайын мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия (бұдан әрі – мемлекеттік стипендия) беріледі.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                     Ә. Смайылов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу