13 Ақпан 2014, 14:34
Республикалық маңызы бар Тауынсор мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қаумалының аумағын азайту туралы
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 6-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Республикалық маңызы барТауынсор мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қаумалының аумағы 3350 гектарға азайтылсын.
«Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы
10 қарашадағы № 1074 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
2006 ж., № 42, 457-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тізбесінде:
«Қостанай облысы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 67-жол мынадай редакцияда жазылсын:
« |
67 |
Тауынсор мемлекеттiк табиғи (зоологиялық) қаумалы |
31650 |
Қамысты ауданы |
Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі |
». |
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу