Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 13 наурыздағы №136 Қаулысы

«Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін, оның ішінде концессияға беруге жатпайтын объектілер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қарашадағы №710 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін, оның ішінде концессияға беруге жатпайтын объектілер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қарашадағы № 710 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 54, 354-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін, оның ішінде концессияға беруге жатпайтын объектілер тізбесінде:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мемлекеттік мекемелеріне жедел басқару құқығында бекітілген қару-жарақ, әскери техника және арнайы құралдар.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                              А. Мамин

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу