Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі №204 Қаулысы

«Үздік педагог» атағын иеленушіге сыйақы төлеу қағидаларын және оның мөлшерін бекіту туралы

«Педагог мәртебесі туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Үздік педагог» атағын иеленушіге сыйақы төлеу қағидалары бекітілсін. 2. «Үздік педагог» атағын иеленушіге 1000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде сыйақы белгіленсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу