Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «14» шілдедегі № 403 қаулысы

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
  2. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының   Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Yкiметiнiң  2016 жылғы « 14 » шілдедегі                  
№ 403 қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

         1. «Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына өздерінің ведомстволық желілерін қосуға міндетті жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 желтоқсандағы                 № 1660 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 5, 98-құжат).

         2. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы                             № 855 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 10-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 50, 699-құжат).

         3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы               16 қазандағы № 1098 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 15-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 64, 585-құжат).

___________________

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу