Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 наурыздағы №115 Қаулысы

Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттерінің Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған мерекелік іс-шараларды өткізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы

«2020–2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»  2019 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттерінің Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған мерекелік іс-шараларды өткізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары бекітілсін.

2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын және жылдың қорытындысы бойынша есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күніне дейін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп беруді қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

ҚазақстанРеспубликасының Премьер-Министрі А. Мамин

1 қосымша

2 қосымша

3 қосымша 

4 қосымша

5 қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу