Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 16 сәуірдегі №199 Қаулысы

«Сатып алу және тауар интервенцияларын жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың тізбесін, сондай-ақ оларға сыйақы мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы № 1279 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

         1. «Сатып алу және тауар интервенцияларын жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың тізбесін, сондай-ақ оларға сыйақы мөлшерін бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы   № 1279 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 74,  1074-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

         көрсетілген қаулымен бекітілген сатып алу және тауар интервенцияларын жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың тізбесі:

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 17-жолмен толықтырылсын:

«17. «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

         Қазақстан Республикасының     Премьер-Министрі                                                                      А. Мамин

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу