Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі №248 Қаулысы

«Тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарды айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлердің қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1653 және «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы және «Тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлердің қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 желтоқсандағы №1653 қаулысына өзгерістер енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» 2014 жылғы 25 ақпандағы №149 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы №667 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарды айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлердің қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1653 және «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы және «Тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлердің қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1653 қаулысына өзгерістер енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» 2014 жылғы 25 ақпандағы № 149 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 667 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар болып айқындалсын.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                 А. Мамин

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу