Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы «17» маусымдағы № 437 қаулысы

Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар мен «Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік» екінші санаттағы рұқсатын беретін уәкілетті органды айқындау туралы

 

    «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) және 4) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

         1. Мыналар:

         1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны беру жөніндегі лицензиар;

         2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті «Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік» екінші санаттағы рұқсатын беретін уәкілетті орган болып айқындалсын.

         2. «Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы  31 қаңтардағы № 77қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,  2013 ж., № 13, 244-құжат) күші жойылды деп танылсын.

         3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                   К.Мәсімов

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу