Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 17 қарашадағы №768 Қаулысы

Маңғыстау облысының кейбір мәдениет және спорт ұйымдарына атау беру және қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, темiржол вокзалдарына, темiржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншiгiндегi басқа да объектiлерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есiмiн беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Маңғыстау аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Шоқыр Бөлтекұлының есімі берілсін.

2. Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Мұнайлы аудандық орталық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Фариза Оңғарсынова атындағы аудандық орталық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып қайта аталсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                       А. Мамин

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу