Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 маусымдағы №683 Қаулысы

Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында полиграфологиялық зерттеуден өту қағидаларын бекіту туралы

«Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 5-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында полиграфологиялық зерттеуден өту қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                    К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу