Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 желтоқсандағы №937 Қаулысы

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының активтерінен алынатын комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің 2020 жылға арналған шекті шамасын бекіту туралы

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-1-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қор) активтерінен алынатын комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің 2020 жылға арналған шекті шамасы Қор шотына түскен активтер мөлшерінің 0,74 пайызынан асырылмай бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап, бірақ ерте дегенде 2020 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                                             А. Мамин

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу