Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 ақпандағы №74 Қаулысы

Қазақстан Республикасының аумағында алынатын консулдық алым мөлшерлемелерін және Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерде алынатын консулдық алым мөлшерлемелерінің базалық ең төмен және ең жоғары мөлшерлерін бекіту туралы

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»  2017 жылы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің(Салық кодексі) 627-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

         1. Қоса беріліп отырған:

         1) Қазақстан Республикасының аумағында алынатын консулдық алым мөлшерлемелері;

         2) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерде алынатын консулдық алым мөлшерлемелерінің базалық ең төмен және ең жоғары мөлшерлері бекітілсін.

         2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

         3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

 

Қосымша 1

Қосымша 2

Қосымша 3

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу