Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 20 маусымдағы №509 Қаулысы

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

                                                                  

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы №1599 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының арасындағы өзара іс-қимыл туралы келісімге енгізілетін өзгерістер мақұлдансын.

2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының арасындағы өзара іс-қимыл туралы келісімге қосымша келісімге қол қойылсын.

3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының 

Премьер-Министрі                                                                Ә. Смайылов

 

1-қосымша

2-қосымша

 

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу