Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы №19 Қаулысы

Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру қағидаларын бекіту туралы

 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан РеспубликасыЗаңының 48-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру қағидалары бекітілсін.

2. Мыналардың:

1) «Жүзу құралдарының, мұз үстiмен жүретiн құралдардың орналасқан жерiнен сапарға шығуына (шығарылуына) құжаттар ресiмдеудiң тәртібі және тоқтамаларды, айлақтар мен жүзу құралдарының, мұз үстiмен жүретiн құралдардың орналасқан пункттерiн жабдықтау тәртібі туралы нұсқама мен   Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі шекаралық режимнiң ережелерiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 4 қаңтардағы № 20 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 1, 8-құжат);

2) «Қазақстан Республикасының әуежайларында халықаралық рейстердің жолаушыларына қызмет көрсетуді жақсарту жөніндегі шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2000 жылғы 27 шiлдедегі № 1132 қаулысына қосымшаның 2-тармағының (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2000 ж.,          № 31, 383-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының   Премьер-Министрі                                                           С. Ахметов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу