​​​​​​​Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 21 маусымдағы №363 Қаулысы

«Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның жедел резервінің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 856 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның жедел резервінің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014жылғы 31 шілдедегі № 856  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 48, 488-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның жедел резервінің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен көлемінде:

«Гигиеналық заттар» деген бөлімде:

реттік нөмірлері 26, 27, 28, 29, 32, 33, 34-жолдар алып тасталсын;

«Кір жууға, кептіруге және ас үйге арналған мүлік» деген бөлімде:

реттік нөмірлері 35, 36, 61, 62-жолдар алып тасталсын;

«Шаруашылық мүлкі» деген бөлімде:

реттік нөмірлері 73, 97-жолдар алып тасталсын;

«Әкімшілік үшін кеңсе тауарлары және ұйымдастыру техникасы», «Тамақ өнімдері», «Жанар-жағармай материалдары» деген бөлімдер алып тасталсын;

 «Дәрілік заттар» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«

138 Жүрек-қантамырлық, спазмолитикалық және гипотензиялық дәрілік заттар ампула, қаптама 1000
139 Анальгетиктер және жергілікті анестетиктер ампула 1000
140 Гормоналдық препараттар ампула 100
141 Антисептикалық құралдар флакон 1000
142 Антигистаминді препараттар ампула 300
143 Психотроптық препараттар ампула 160
144 Басқа фармакотерапиялық топтардың препараттары қаптама 292
145 Антибиотиктер, сульфаниламидтер қаптама 180
146 Плазмаалмастырғыш, тұзды, инфузиондық ерітінділер флакон 180

                                                                                                                            »;

«Байланыс құралдары» деген бөлім алып тасталсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                            К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу