Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 22 қыркүйектегі № 723 қаулысы

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына толықтыру енгізу және «Спорттағы ұлттық команда туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1994 жылғы 2 наурыздағы № 85-ө өкімінің күші жойылды деп тану туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі туралы ережеде:

15-тармақ мынадай мазмұндағы 172-1) тармақшамен толықтырылсын:

«172-1) Қазақстан Республикасының штаттық құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық штаттық құрама командалардың) сандық құрамын бекітеді;».

2. «Спорттағы ұлттық команда туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1994 жылғы 2 наурыздағы № 85-ө өкімінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                              Ә. Смайылов

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу