Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 732 қаулысы

«Тіркелген тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 маусымдағы 645 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Тіркелген тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 маусымдағы № 645 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер өндіретін электр энергиясын жеткізуге тіркелген тарифтерде:

реттік нөмірі 3-жол алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3-1-жолмен толықтырылсын:

«

3-1

Гидродинамикалық су энергиясын пайдаланатын гидроэлектр станциялары

41, 23

».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 Қазақстан Республикасының

 Премьер-Министрі                                                        Ә. Смайылов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу