25 Қараша 2021, 12:38
«Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 маусымдағы №625 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 маусымдағы №625 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесі:
мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын:
«20-1. Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi А. Мамин
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу