Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы №879 Қаулысы

«Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 56, 800-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілерді айқындау қағидасында:

5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Әскери сотының, облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің, Құқық қорғау органдары академиясының, облыстар прокуратураларының және оларға теңестiрiлген прокуратураларының әкімшілік ғимараттары мен объектілері;»;

6-тармақта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі ішкі істер органдарының бөлімшелерімен бірлесіп күзететін, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша бекітетін тізбеге енгізілген Қазақстан Республикасының объектілері, сондай-ақ маңызды мемлекеттік мәні бар объектілер;»;

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) мемлекеттік материалдық резервтері бар объектілер – жанар-жағар май материалдарын сақтау қоймалары, азық-түлік және киім-кешек қоймалары;»;

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5) атом энергиясын пайдалану объектілері, оның ішінде радиоактивті қалдықтары бар аумақтар;»;

көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің инженерлік-техникалық нығайтылуы жөніндегі талаптарда:

1-тармақта:

7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«7) объект – ғимарат, құрылыс немесе міндетті күзетілуі тиіс тауар-материалдық құндылықтар немесе өзге де заттар шоғырланған жергілікті жер учаскесі, сондай-ақ радиоактивті қалдықтары бар аумақтар;»;

мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

«7-1) радиоактивті қалдықтары бар аумақтар – ядролық сынақтар жүргізілген жерлер;»;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы талаптар меншік нысанына және ведомстволық тиесілігіне қарамастан, қолданыстағы, жаңадан жобаланатын, реконструкцияланатын және техникалық қайта жабдықталатын, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілерге қолданылады, сондай-ақ объектілерге қылмыстық қол сұғуға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында оларды инженерлік-техникалық құралдармен және қауіпсіздік жүйелерімен жарақтандырудың нормаларын, тәртібі мен тәсілдерін белгілейді.

Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар объектілерінің инженерлік-техникалық нығайтылуы жөніндегі талаптар «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпы әскери жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығына, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының бұйрықтарына сәйкес көзделеді.

Күзетілетін адамдардың болуына арналған террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын қосымша талаптарды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі осы талаптарды, олардың қауіпсіздігін қажетті деңгейде қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық, күзет, режимдік және өзге де шаралардың көлемі мен ерекшелігін ескере отырып белгілейді.

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының режимдік объектілеріндегі біріктірілген қауіпсіздік жүйесін монтаждауға және жабдықтауға қойылатын талаптарды, олардың қауіпсіздігінің қажетті деңгейін қамтамасыз ететін осы талаптарды, ұйымдастырушылық, күзет, режимдік және өзге де шаралардың көлемі мен ерекшелігін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы бекітеді.»;

6-тармақта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) А санаты – мемлекеттік материалдық резервтері бар объектілер – есірткі құралдарын, жанар-жағармай материалдарын сақтау қоймалары, азық-түлік және киім-кешек қоймалары; атом энергиясын пайдалану объектілері; әскери-өнеркәсіптік мақсаттағы өнім шығаратын сала объектілері;»;

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) С санаты – Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Әскери сотының, облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің, Құқық қорғау органдары академиясының, облыстар прокуратураларының және оларға теңестiрiлген прокуратураларының әкімшілік ғимараттары мен объектілері; Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң объектiлерi, оның филиалдары мен сақтау қоймалары; Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан шетелдік дипломатиялық өкілдіктер, шетелдік консулдық мекемелер, халықаралық ұйымдар мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктері; республикалық маңызы бар байланыс, теле және радиохабар тарату объектiлерi; ғарыш инфрақұрылымының объектілері.»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Аумағы бар, мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілер периметрі бойынша адамдар мен көлік құралдарының БӨП-ті айналып өтіп, объектіге еркін өтуіне және объектіден еркін шығуына кедергі жасайтын қоршаумен жабдықталады.

Қала құрылысы, ландшафт және климаттық жағдайларды есепке ала отырып, қалалық құрылыстың сәулет-көркемдік келбеті мен ансамблі бұзылатын жағдайда, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарын қоспағанда, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің, ұйымдарының және ведомстволарының әкімшілік ғимараттарының, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы объектілерінің іргелес аумағы периметрі бойынша қоршаумен жабдықталмайды.

Көрсетілген объектілер адамдарды есепке алынған контингент санаттары бойынша айырып-танып білуді, объектілер мен жағдайларды бейнебақылау камералары бойынша табуды қамтамасыз ететін зияткерлік ақпараттық жүйелермен жарақтандырылады.

Ескертпе: жеткілікті негіздер мен құралдар болған кезде магистральдық құбыржолдар мен кен орындарының аумақтары да адамдар мен көлік құралдарының БӨП-ті айналып өтіп, объектілердің күзетілетін аймақтарына еркін өтуіне кедергі жасайтын қоршаумен жабдықталуы мүмкін.

Осы тармақтың талаптары радиоактивті қалдықтары бар аумақтарға қолданылмайды.»;

мынадай мазмұндағы 35-2-тармақпен толықтырылсын:

«35-2. Радиоактивті қалдықтары бар аумақтар үшін қауіпсіздіктің үш деңгейімен эшелондау қағидаты бойынша қауіпсіздік жүйелерін құру көзделеді:

1) ескертуші – аумақтардың шекаралары тікелей көрінетін, бір-бірінен 200 метрден аспайтын қашықтықта орнатылған белгілермен белгіленеді, жер бедері өзгерген жерлерде қосымша белгілер орнатылады;

2) тежеуші – қолайлы түрдегі физикалық тосқауылдар (қоршаулар, топырақ үйінділері, орлар, қойтастар, бетон блоктар, қақпалар) орнатылады;

3) анықтау және бейтараптандыру – қауіпсіздік жүйесінің операторына сигналдарды бере отырып, басып кіруді анықтаудың техникалық құралдары, жағдайды бейнебағалау құралдары, электрмен қоректендіру және деректерді беру жүйелері орнатылады.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі   А. Мамин

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу