Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы «24» сәуірдегі № 282 қаулысы

Облыстық бюджеттердің 2015 жылға арналған республикалық бюджеттен бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынамалауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы

 

«2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»  2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 18) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі   ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің 2015 жылға арналған республикалық бюджеттен бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынамалауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларыбекітілсін.

2. Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері:

1) бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттердің уақтылы және мақсатты пайдаланылуын;

2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейін бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттердің пайдаланылуы туралы есептер беруді қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары бюджеттерінің республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану мониторингін қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                              К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу