Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «24» қарашадағы  № 731 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Трафиктi өткiзу мен өзара есеп айырысу тәртібін қоса алғанда, телекоммуникация желiлерiн қосу және олардың өзара әрекеттестігі қағидаларын бекіту туралы» 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1694 және «Ұлттық оператор тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналар тізбесін бекіту туралы» 2012 жылғы 22 қазандағы № 1333 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
  2. «Трафиктi өткiзу мен өзара есеп айырысу тәртібін қоса алғанда, телекоммуникация желiлерiн қосу және олардың өзара әрекеттестігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1694 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж. № 16,                           263-құжат);
  3. «Ұлттық оператор тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 қазандағы № 1333 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 75-76, 1097-құжат).
  4. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі            Б. Сағынтаев

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу