Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы №967 Қаулысы

Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2020 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы

«Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 

         1. Мынадай:

         1) оралмандарды қабылдаудың 2020 жылға арналған өңірлік квотасы 1 378 адам;

         2) қоныс аударушыларды қабылдаудың 2020 жылға арналған өңірлік квотасы 4 750 адам болып белгіленсін.

2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2020 жылғы 1 тамызға және 2021 жылғы 1 ақпанға қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы қаулының орындалуы туралы есеп берсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі          А. Мамин

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу