Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 ақпандағы №150 Қаулысы

«Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеу бойынша субсидиялау» және «Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау»мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған:
  2. «Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеу бойынша субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметстандарты;
  3. «Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметстандарты бекітілсін.
  4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
  5. «Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы
    № 1108 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 67, 973-құжат) 1-тармағы 15) және 16) тармақшалары;
  6. «Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы ставкасын өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 ақпандағы № 129 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 16, 275-құжат) 2-тармағы;
  7. «Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін және нарығын басқару жүйелерін субсидиялау қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 202 қаулысының(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 18, 315-құжат)
    2-тармағы.
  8. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  С. Ахметов

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу