Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «25» сәуірдегі № 246 қаулысы

«Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру                      жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы        24 сәуірдегі № 545 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,               2001 ж., № 15, 191-бабы) мынадай өзгеріс енгізілсін:

2-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) (келісім бойынша) – сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға;».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу