25 Қыркүйек 2014, 15:46
Міндетті түрде мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесін бекiту туралы
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 25) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған міндетті түрде мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесі бекітілсін.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) «Міндетті түрде өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 қыркүйектегі № 781 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 33, 366-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің өрт қауіпсіздігі саласындағы кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қарашадағы № 1068 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкіметінің өрт қауіпсіздігі саласындағы кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 38-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 43, 492-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу