Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 қаңтардағы №17 Қаулысы

«Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақының жылдық ставкаларын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2009 жылғы 10 шілдедегі № 1055 қаулысына өзгеріс енгізу туралы


Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын,       сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақының жылдық ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2009 жылғы  10 шілдедегі № 1055  қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақының 2014 – 2016 жылдарға арналған жылдық ставкаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: 
«Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақының жылдық ставкалары».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


         Қазақстан Республикасының
                 Премьер-Министрі                                                     Б. Сағынтаев 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу