Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 шілдедегі №534 Қаулысы

«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы


Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:
15-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, олардың филиалдары мен өкiлдiктерін есептiк тiркеуді, орталық мемлекеттiк органдардың және ведомстволардың, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк есепке алуды қамтамасыз ету;»;
16-тармақта:
42) тармақша алып тасталсын;
96) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: 
«96) аумақтық әділет органдарының қызметін қамтамасыз ету және оларға коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу мәселелері бойынша әдістемелік басшылық ету;»;
101) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: 
«101) коммерциялық  емес  ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу;»;
мынадай мазмұндағы 101-1), 101-2) және 101-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«101-1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу саласындағы қызметін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
101-2) Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылғаны анықталған жағдайда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс жіберу;
101-3) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы іске асыратын коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу бойынша көрсетілетін қызметтердiң бағаларын келiсу;»; 
103) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: 
«103) бизнес-сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыруды орталықтан жүзеге асыру және тiркеушi органдар мен өзге де мемлекеттiк мекемелер өтiнiш жасаған кезден бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей, оларға ақпарат беру;»;
мынадай мазмұндағы 140-10) тармақшамен толықтырылсын:
«140-10) пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімдер жобаларының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан құқықтық сараптама жүргізу;».
2.    Осы қаулы 2019 жылғы 1 шілдеден бастап  қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі                                                                                                                               А. Мамин


 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу