Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 27 наурыздағы №135 Қаулысы

Маңғыстау облысының білім беру ұйымдарына атау беру және қайта атау туралы 

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына,

«Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.    Мынадай білім беру ұйымдарына:
1)    «№ 5 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Нұртас Оңдасыновтың есімі;
2)    «№ 16 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Саламат Мұқашевтың есімі;

3)    Түпқараған ауданы әкімдігінің «Өнер және кәсіпке бағдарлау мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына Мұрын жырау Сеңгірбекұлының есімі;
4)    «Шайыр орта мектебі» мемлекеттік мекемесіне Тұрар Жалғасбайұлының есімі;
5)    «№ 5 жалпы орта білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесіне Шоғы Мұңалұлының есімі;
6)    «Мектепке дейінгі шағын орталығы мен гимназия сыныптары бар 
№ 15 жалпы білім беру орта мектебі» мемлекеттік мекемесіне Ибаш Жанболатованың есімі берілсін.
2.    Маңғыстау облысының әкімдігі Маңғыстау облысының білім басқармасының «Маңғыстау политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Маңғыстау облысының білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып қайта аталсын. 
3.    Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі    
                                                                                                                                                     Б. Сағынтаев 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу