Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы «27» сәуірдегі № 333 қаулысы

Иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық компанияның сатып алуына Қазақстан Республикасының басым құқығын іске асыру қағидаларын бекіту туралы

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 1-тармағына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық компанияның    сатып алуына Қазақстан Республикасының басым құқығын іске асыру    қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он      күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының   Премьер-Министрі       К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу