Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы «27» сәуірдегі № 357 қаулысы

«Қазақстан Республикасында өнімдердің сәйкестігін міндетті түрде растау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі № 367 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы «27» сәуірдегі № 357 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасында өнімдердің сәйкестігін міндетті түрде растау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі  № 367 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 17, 203-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

         1) көрсетілген қаулымен бекітілген мiндетті түрде сертификаттауға жататын өнiмдер мен қызметтердің тізбесі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

         2) көрсетілген қаулымен бекітілген сәйкестік туралы декларациямен сәйкестiгiн растауға рұқсат етілетін өнiмдердiң тізбесi осы қаулыға  2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі              К. Мәсімов

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу